top of page

2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі ауданымызда ағымдағы жылдың 30 қаңтар- 3 ақпан аралығында №266 мектеп-лицей базасында ұйымдастырылуда. Аудандық олимпиадаға 9, 10, 11 сыныптардан 14 пәннен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың I (мектепішілік) кезеңінен 739 оқушы ұсынылды. Арнайы нұсқаулыққа сай 14 пән бойынша ағымдағы жылдың  30 қаңтар- 3 ақпан аралығына оқушылардың қатысу графигі бекітілді. Аудандық олимпиаданың биылғы ерекшелігі - олимпиадаға қатысушыларға арнайы платформа арқылы әр оқушы арнайы кодпен сайтқа кіріп, тапсырма орындайды. Олимпиадаға қатысушының   іс-әрекеті  платформа арқылы жеке компьютерден және  жеке камерамен  видеобақылау жүргізіледі. Жалпы аудиториядағы ахуал онлайн түрде www.youtube.com сайтымен тікелей көрсетілім болады. Оқушылар жұмысы сканерленіп, арнайы шифр қойылып анонимді түрде қазылар алқасына тексеруге беріледі. Барлық сілтемелер әлеуметтік желі арқылы сол күні беріледі.  Олимпиаданың өз дәрежесінде өтуі және оқушылардың қауіпсіздігі үшін арнайы сала мамандарына хат жолданды.

bottom of page